Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мекеме қызметкері дайындаған әскери техника үлгілерінің көрме-инсталляциясы ашылды. Көрмеге қолөнер туындыларын ұсынған Айбар Оспанов, әскери техникалардың модельдерін жасауды осыдан 12 жыл бұрын қолға алған.

Айбар Оспанов, Солтүстік Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері, 12 жылдан астам уақытының бос кезін танк модельдері мен басқа да әскери техниканы жасауға арнап келеді. Уақыт өте келе бұл хобби үлкен істің бастамасына айналды.

СНХР: АЙБАР ОСПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Айбар Оспанов барлық жұмыстарын пластиктен, қағаздан және металлдан жасайды. Қолөнер шеберінің туындыларды шынайы жеткізуі көз алдыңа сонау соғыс жылдарды елестететеді.

СНХР: ДИНАРА ҚАРАТАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тарих қойнауынан сыр шертетін көрмелер балаларға соғыс жылдарының естелігін сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.