«Қарасай» стадионы жаңғыртудан кейін алғашқы үлкен футбол матчын қабылдады. Қызықты ойынды тамашалауға жанкүйерлер көп жиналды. Ал матч аяқталған соң еріктілер «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақты тазалап шықты.

Жаңарған Қызылжар стадионы алғаш рет үлкен футбол матчын өткізді. Мыңдаған жанкүйер үшін бұл – көптен күткен сәт. Алаңдағы тартысты ойыннан кейін, стадиондағы тазалықты сақтау – ендігі міндетке айналды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысқан еріктілер бұл жолы стадион аумағын тазартуға шықты. Жастар көрермендерден қалған қоқысты жинап, тазалық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Акцияға белсенді қатысқандардың қатарында Даяна Баймұқанова да бар. Оның айтуынша, олар Қызылжар командасын қолдап қана қоймай, саламатты өмір салтын насихаттап, экологияға мән беруді де өз борышы санайды.

СНХР: ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, ЕРІКТІ


Айта кетейік, жаңартылған стадионда өткен алғашқы ойында «Қызылжар» футбол командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.