Жеңістің 80 жылдығына орай Петропавлда солтүстікқазақстандықтар «Мәңгілік алау» ескерткішінің қасына жиналып, гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен түрлі мекеме қызметкерлері және тұрғындар қатысты.

9 мамыр - өткенді еске алу ғана емес, ел бірлігі мен бейбітшіліктің құндылығын ұғынатын, ерлік пен батырлықтың үлгісін келер ұрпаққа жеткізетін маңызды күн. Батырлардың рухына тағзым етуге келген адамдар соғыс қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


«Мәңгілік алау» ескерткішінің қасына жүздеген адам жиналды. Қолдарында гүл ұстаған жандардың қатарында қариялар мен балалар, қоғам өкілдері және осы бейбіт күн үшін жанын қиған жауынгерлердің ұрпақтары бар. Солардың бірі – Сайран Бүкенов. Оның әкесі Дүйсен Бүкенов Отан соғысына қатысқан.

СНХ: САЙРАН БҮКЕНОВ, ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ Д. БҮКЕНОВТІҢ ҰЛЫ


Еске сала кеткен жөн, соғыс жылдарында 100 мыңнан астам солтүстікқазақастандық майданға аттанды. Олардың 55-і — Кеңес Одағының Батыры, ал 11-і — Даңқ орденінің толық иегері атанды. Ауған соғысының ардагері Қосман Бегалинов «Отан үшін жан қиған ата-бабаларымыздың есімін мәңгі есте сақтауымыз қажет»,- дейді.

СНХ: ҚОСМАН БЕГАЛИНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ