Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылы 2975 неке тіркеліп, оның ішінде 602 отбасы Азаматтық xaл актілерін тіркеу органдары арқылы некесін бұзған. Ал биыл жыл басынан 581 неке қиылып, 152 жүп ажырасқан. Әріптесім Әсем Кенжеболатова ажырсудың мән-жайын анықтап көрген болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылы жалпы 2975 неке тіркеліп, ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында 581 неке тіркелді. Бұл көрсеткіш аймақтағы отбасы құрылымындағы өзгерістер мен үрдістерді көрсетеді. 2024 жылы Азаматтық xaл актілерін тіркеу органдары арқылы некені бұзу саны 602 болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп, 152-ге жетті. Бұл деректер қоғамдағы отбасы құрылымындағы тұрақтылықтың артып келе жатқанын және неке мен отбасы қарым-қатынастарына деген көзқарастың өзгергенін байқатады.
СНХР: АНАР ҚҰСАНОВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК» КЕ АҚ СҚОФ PR-МЕНЕДЖЕРІ
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлемейтін борышкерлердің саны артып келеді. 2025 жылдың басында облыстағы жеке сот орындаушыларының өндірісінде 9 522 алимент өндіру ісі тіркелген.
СНХР: НАРИМАН НАЗАРОВ, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ
Гүлбахша Мұсабаева — Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық құндылықтарды насихаттап, ажырасудың алдын алу үшін белсенді жұмыс істеп жүрген кәсіби медиатор. Ол 100-ден астам отбасымен жұмыс істеп, олардың 80-ін ажырасудан сақтап қалған. Бұл отбасыларда кемінде 2 баладан болғанын ескерсек, 160-тан астам баланың толыққанды отбасында өсуіне мүмкіндік жасаған.
СНХР: ГҮЛБАХША МҰСАБАЕВА, МЕДИАТОР
Айта кетейік, Қазақстанда неке қию және оны бұзу рәсімдеріне байланысты мемлекеттік баж салығы белгіленген. Неке қию үшін төленетін мемлекеттік баж – 3 864 теңге, ал неке бұзғандар үшін – 7 728 теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар некеге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.