Дамуды көздеген кез келген ел, шағын және орта бизнеске өріс ашып, қолдау көрсетуге мүдделі. Себебі аталмыш сала экономиканың басты тірегі. Сондықтан мемелекет тарапынан әрдайым кәсіпкерлікке кең жол ашылып, түрлі несиелік қолдаулар көрсетіп, ауқымды жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылу үстінде. Осындай көмекті ұтымды пайдаланып өз ісін ашқан жандардың бірі Ақжар ауданындағы Талшық ауылының тұрғыны Темірболатовтар отбасы. Жанұялық кәсіп бүгінде тек өздерінің ғана емес сонымен қатар ауылдастарының да нәпақаларын табуларына мүмкіндік беріп отыр.
Өз жұмысын 2018 жылы бастаған «Арлан» жеке кәсікерлігінің екі бөлмеден тұратын мына шағын цехында әзірленген тұшпара секілді жартылай дайын өнімдері Ақжар ауданы мен оған көршілес орналасқан Уәлиханов ауданы халқына жақсы таныс.
СНХ: НҰРСҰЛУ ТЕМІРБОЛАТОВА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Жалпы жекеменшік шағын тұшпара цехын ашуға төртжарым миллион теңге қаржы жұмсалған. Оның 2,5 миллион теңгесі шағын және орта кәсіпкерлік субектілерін қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама арқылы шағын несие түрінде берілсе, қалған екі миллион теңгесі өз қаражаты. Жобаның орташа қуаттылығы күніне 60 келіге дейін тұшпара өндіруге мүмкіндік береді.
СНХ:НҰРСҰЛУ ТЕМІРБОЛАТОВА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Шағын цех тек бір отбасылық кәсіп емес сонымен қатар елде қосымша жұмыс орындарының ашылуана да мүмкіндік туғызған. Қазіргі күні бұл жерде 5 адам тұрақты түрде еңбек етіп жатыр.
СНХ: ҰЛБОЛСЫН ЖҮКЕНОВА, ЦЕХ ЖҰМЫСШЫСЫ
Сапалы өнімге әрдайым сұраныс жоғары. Ал сұранысқа қажетті тауар не құрлым көп болса, жалақы да еселене түседі. Себебі мұндағы еңбек ақыңың аз-көп болуы әр жұмысшының күнделікті жасаған өнімнің салмағына байланысты. Орташа жалақы мөлшері 150 - 160 мың теңге шамасында дейді еңбеккерлер.