Петропавлда зейнетке шықса да, саламатты өмір салтын өздеріне серік еткен жандар аз емес. Аға буын өкілдері тіпті жастардың жүректері дауалай бермейтін спорт түрі киокушинкай каратэмен шұғылданып, шығыс жекпе – жегінің қыр сырын меңгеріп жүр.
Айдарбек Бегенов спорттық жаттығуларды қиналмай, емін-еркін жасайды. Аяғын бүкпестен басынан асыра көтеру де оған сөз емес. Сондай-ақ, кейіпкеріміз бірнеше шақырымды жолды да оңай бағындырады.
СНХ: АСНУРИЯ АБДУЛА КОРРЕСПОНДЕНТ:
- Міне, кейіпкеріміздің жасы жетпісте болса да, менімен қатар жүгіріп келе жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай қимылы жеңіл әрі шапшаң. Құрметті Айдарбек ата, енді бізбен бөлісіп кетсеңіз. Осылай ширақ қимылдауыңыздың сыры неде?
СНХ: АЙДАРБЕК БЕГЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Кейіпкеріміз күн сайын кемінде 15-20 минут таза ауада серуендеуге кеңес береді. Сол кезде ағзада «бақыт гармондары» бөлінеді екен. Ал, күйзеліске түскен сайын қартаю процесі тезірек жүреді. Айдарбек Бегенов жылына 2 рет күндізгі стационарға жатып, денсаулығын тексертіп отырады. Ал аптасына үш рет залға барып, киокушинкай каратэмен айналысады.
Қарияның негізгі мамандығы - экономист. Ол зейнетке қалалық әкімдікте қызмет атқара жүріп шыққан.
СНХ: АЙДАРБЕК БЕГЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Спортшы зейнетке шықпас бұрын каратэнің бір түрі «Шотаканмен» айналысып, қара белбеуге ие болған. Ал, қазір қоңыр белбеудің иесі. Оны көпшілік «ниндзя ата» атап кеткен. 70 жастағы қария шпагатқа да оп-оңай отырады. Жалпы, киокушанкай үйірмесіне тұрақты түрде 15 зейнеткер қатысады. Ең үлкенінің жасы 75- те. Ал,Раиса Гизатуллинаның каратемен шұғылданып жүргеніне 3 жыл болған. Бұрын тіс дәрігері болып жұмыс істеген ол ойламаған жерден спортшы болып шыға келдім дейді.
СНХ: РАИСА ГИЗАТУЛЛИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Қарияларды жаттықтыратын Людмила Бутенконың өзі каратэге 40 жасында аяқ басқан. Содан бері 15 жылдың ішінде қара белбеудің үшінші данына жетіпті.
СНХ: ЛЮДМИЛА БУТЕНКО, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Зейнеткерлер мұнда жаттығып қана қоймай, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр.