Айыртау ауданы бойынша биылғы егіс алқабының жалпы аумағы 396,2 мың гектарды құрайды. Танаптарға бидай, күздік бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, бұршақ, жасмық, жүгері секілді масақ дақылдарымен қатар рапс, зығыр, күнбағыс сияқты майлы дақылдарды себу қызу жүріп жатыр.
Мұнда көктемгі егіс науқаны сәуірдің 30 күні басталған.. Оған ылғалдың аздығынан топырақтың кебуі себеп болыпты. Жаздың бір күні қыстың қырық күніне азық деген қағиданы ұстанып, алғашқы түрен салуға кіріскендердің бірі «North Grain» мен «Север Агро LTD» бірлескен серіктестігі. Қазіргі күні мұндағы дала жұмыстары 20 пайызға атқарылыпты. Ауа-райы қолайлы болса,- егіс науқанын мамырдың 25 не дейін аяқтаймыз дейді серіктестік диқандары.
«North Grain» мен «Север Агро LTD» бірлескен серіктестігінің егіс алқабы 17,5 мың гектарды құрайды. Биылғы жылғы жоспар бойынша оның 10 мың гектарына бидай, қалғанына майлы дақылдар мен жем-азық себілмек.
СНХ: Ерболат Кәленов – серіктестік директоры
Серіктестік көктемгі дала жұмыстарын сәуірдің 30 күні арпа себуден бастаған. Оған бөлінген алқап 1600 гектар. Ондағы жұмыстар толық аяқталып, бидай себу қолға алыныпты. Қазіргі күні жалпы алқаптағы жұмыстар 20 пайызға атқарылған. Ауа-райы қолбайлау болмаса серіктестік мамандары егіс науқаны осы айдың 25 не дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.
СНХ: Алтынбек Мағымов – Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
Биылғы көктем жылдағыдан ерте келді. Оның үстіне ылғалдың аздығынан топырақ құрғай бастаған. Сондықтан айыртаулық жер емген шаруалар көктемгі дала жұмыстарына ерте кірісуге мәжбүр болған.