Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері халыққа қызмет ету тек кәсібилікті ғана емес, мықты рухты да талап ететіндігін кезекті рет дәлелдеді. Полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов республикалық және облыстық деңгейде жоғары спорттық нәтижелерге көрсеткен тәртіп сақшыларын марапаттады.
Сәуір айында Өскемен қаласында ҚР Ішкі істер министрінің Кубогына арналған алғашқы хоккей турнирі өтті. Бұл жарыста СҚО полиция департаментінің құрама командасы екінші орынды иеленді. Хоккей — күш пен төзімділікті қажет ететін ойын. Осындай мәртебелі турнирдің күміс жүлдегері атану – жеңіске деген жігер мен бірліктің айғағы. Жүлдегерлерді Полиция департаменті бастығы құттықтады
СНХР: Айдын Қабдұлдинов — СҚО полиция департаментінің бастығы
«Бұл жеңістер – күш пен шыдамдылықтың және қайсар мінезді қызметкерлеріміздің еңбегінің нәтижесі. Әрбір жетістіктің артында ұзақ дайындық пен ішкі тәртіп жатыр, – деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов. Басшылық спортшыларды құттықтап, оларға жаңа табыстар тіледі.
Дене шынықтыру даярлығы және моральдық тұрғыда шынығу, спорттық төзімділік пен жеңіске деген ұмтылыс — бұл полицейлер үшін тек спорт алаңында ғана емес, күнделікті қызметте де маңызды.