Елімізде 11 мамыр Аналар күні аталып өтілді. Бұл мереке алғаш рет 2023 жылы енгізілді. Содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде тойланады. Петропавлда өз кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана тұрады. Вильдана Багадат тек аяулы ана, кәсіпкер әйел ғана емес, өңірдің қоғам белсендісі.

Өңірде қоғам игілігі үшін еңбек етіп, кәсіпкерлікті дамытып, сонымен қатар аналық міндетін бірге алып жүрген әйелдер аз емес. Вильдана Багадат – Петропавл қаласында тұратын көп балалы ана. Ол 2018 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша грант ұтып алып, алғаш рет өз кәсібін ашқан.

СНХ: ВИЛЬДАНА БАГАДАТ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Ана болу мен мансапты қатар алып жүру – әр әйел үшін үлкен жауапкершілік. Бұл ретте Вильдана отбасының қолдауы аса маңызды екенін атап өтті. Көпбалалы ана бүгінде өзінің үшінші сұлулық салонын ашқан. Айта кетейік, кейіпкеріміздің балаларының үлкені 12-де болса, ең кішісі – 2 жаста.

СНХ: ВИЛЬДАНА БАГАДАТ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Кәсіпкер ана енді сән әлемін бағындырмақ. Бүгінде ол киім дизайны саласына бет бұрып, болашақтағы жұмысын осы бағытпен байланыстыруды көздеп отыр. Наурыз айында алғашқы киім топтамасын ұсынған Вильдана қазір екінші коллекциясын дайындауға кіріскен.