12-16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева, фейсбуктегі парақшасында жазды. Апталық жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікті арттыру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ жұқпаларының алдын алу мақсатында өтеді. Акция аясында ашық есік күндері, дәрістер, тренингтер мен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады.