2025 жылғы 12 -19 мамыр аралығында Қазақстанда халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығы өтіп жатыр. Бұл іс- шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Апталықтың мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу туралы ақпараттандыруды арттыру. Апта аясында емханалар мен денсаулық орталықтарында тегін тексерулер, кеңестер және ашық есік күндері ұйымдастырылады

СНХ: ЕЛЕНА КАЛЮЖНАЯ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС СТАЦИОНАРДАН ТЫС АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ


Облыста жыл сайын шамамен 2000 жүктілікті үзу жағдайы тіркеледі. Түсік жасату жоспарланбаған жүктілікке байланысты, сондай-ақ ана мен ұрық тарапынан медициналық көрсеткіштер бойынша жасалады. 2023 жылы жасөспірімдер арасында 8 жағдай тіркелді. Мамандар көрсеткіштің төмендеуі байқалады дейді.

аударма

СНХ: ЕЛЕНА КАЛЮЖНАЯ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС СТАЦИОНАРДАН ТЫС АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ


Апталық барысында өңір халқы аурулардың алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, жүктілікке дайындық мәселелері бойынша бірегей ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

СНХ: ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚОФ БАСШЫСЫ


Облыс мамандары 10-29 жас аралығындағы жастарды емханалар мен Денсаулық сақтау орталықтарына келіп, кеңес алуға шақырады. Олар өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейді.