Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын жариялады. Болжамды деректерге сәйкес, биылғы төрт айда жалпы ішкі өнімнің өсімі 6% құрады.
Ең үлкен өсімді көлік саласы көрсетті - 22,4%. Сауда саласында тұрақты өсім -7% деңгейінде байқалды. Өнеркәсіптік өндіріс 6,4% артты. Құрылыс саласында жұмыстардың нақты көлемінің индексі 16,2% болды. Ауыл шаруашылығы да тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Есепті кезеңде жалпы өнім индексі 3,9% құрады. Ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша оң өзгерістер байқалады. Байланыс саласында өсім 2,6% деңгейінде тіркелді, бұл қызмет көрсету секторларындағы жалпы оң үрдісті көрсетеді. Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары қарқыны байқалды.