Елде ірі өнеркәсіпті дамыту бағытында инвестиция көлемі 10 млрд доллар болатын 5 ірі жоба іске асырылып жатыр. Үкімет басшысы өткізген арнайы кеңесте, сала министрі осылай деді. Жоба жүзеге асса 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру ісі Абай, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жүзеге асады. Бұл - жоғары сапалы өнім шығаруға, заманауи технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті орта қалыптастыруға бағытталуы керек деген премьер-министр, мемлекеттік органдарға жобаларды сапалы жүзеге асыруды қадап тапсырды.