Тайынша ауданындағы Амандық ауылының құрылғанына биыл 95 жыл толды. Айтулы датаға және Жеңістің 80 жылдығына орай ауыл тұрғындары ұлан асыр той жасады. Арнайы киіз үйлер тігіп, келген қонақтарға мол дастархан жайды. Концерттік бағдарлама қойылып, ұлттық ойындар сайысы өтті.
Амандық ауылының іргетасы 1930 жылы қаланып, бастапқыда Еңбекшілдер ауданына, кейін жаңадан құрылған Чкалов ауданына қарады. Сол кезден бастап бұл ауыл Амандық деп аталған. Елді мекеннің 95 жылдық мерейтойымен және Жеңіс күнімен тұрғындарды алдымен ауылдық округтың әкімі Нариман Тәсімов құттықтады.
СНХ: НАРИМАН ТӘСІМОВ, АМАНДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Бір ғасырға жуық тарихы бар бұл ауылда қазіргі таңда 120 шақты үй 400 ден астам тұрғын бар.
СНХ: СӘМИҒОЛЛА МАХМЕТЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
СНХ: ЕРКЕБЕК ҚАРТБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ауыл тұрғындары Отан соғысының ардагерлерін еске алып, олардың есімдері мен фото-суреттері қойылған естеліктер тақтасын жасады. Іс-шара аясында батыр бабалардың ерлігі насихатталып, өскелең ұрпаққа үлгі етілді.
СНХ: ЖАСҰЛАН СӘЛІМ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Бұл күні ауылда ұлттық ойындардан да жарыс ұйымдастырылды. Тепсе темір үзетін жігіттер жілік сындыру, кір көтеру, қол күрес, қой көтеру мен қазақ күресінен өзара мықтыны анықтады. Жеңіс тұғырынан көрінгендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ауылдың 95 жылдық мерейтойына орай еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Олардың басым бөлігі үшін бұл мекен – кіндік қаны тамған жер. Олар бір-бірімен сағыныса қауышып, туған ауылдарына деген ақжарма тілектерін білдірді. Бұл тойға өздерінің ән шашуларымен басқа қалалардан да әншілер арнайы келген.
Мерейтой соңында ат жарыс пен көкпар ойыны өтті. Көкпарға өңірдің, Ақмола облысының, Астана, Алматы, Қостанай қалаларынан әкелінген барлығы 120 шақты ат қатыстырылды.