Елімізде суперкомпьютер класстері құрылады. Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ынтымақтастық жөніндегі бірнеше маңызды құжатқа қол қойды. Сондай-ақ қос тарап құны 5 млрд доллар болатын коммерциялық келісімге келді. Ал, елімізге тартылған инвестиция көлемі былтырдың өзінде 1 млрд долларға жетті. Мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімен соң басталған келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы ең үздік 10 инвестордың қатарына кіретінін айтқан Президент, алда жаңа бағыттар бойынша серіктестікті нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
СНХ: ХАЛЕД БЕН МҰХАММЕД БЕН ЗАИД ӘЛ НАХАЯН – ШЕЙХ, АБУ-ДАБИДІҢ ТАҚ МҰРАГЕРІ
Халед бен Мұхаммед Әл Нахаян 2016 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік саласында бірқатар жоғары лауазымды атқарды. Ал, 2023 жылы тақ мұрагері атанып, Әмірліктің Атқарушы кеңесін тізгіндеді. Бүгінде экономика және ғылыми зерттеулер саласын дамытуға белсене ат салысып келеді. Оның Қазақстанға келудегі мақсаты жаңа технологиялар бағытындағы әріптестікті нығайту. Президентпен келіссөздер барысында 10 келісімге қол қойылды. Солардың ең негізгілерінің бірі ретінде елімізде суперкомпьютер класстерін құру туралы жобаны айтуға болады.