Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің облыс бойынша департаментінің негізгі қызметтерінің бірі – мемлекетік қызметтер көрсету сапасын бақылау және осы саладағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру. Биыл департамент қызметкерлерімен әртүрлі салада мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департаментке қала тұрғынынан «Қайтыс болу туралы куәлікті қайта алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі өткеннен кейін дайын куәліктің берілмегені туралы шағым білдірілген. Департамент шағымды жан-жақты қарау үшін жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде көрсетілетін қызметті беруші Петропавл қаласы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі нәтижені №1 Халыққа қызмет көрсету орталығына жеткізу мерзімін 1 жұмыс күніне бұзғаны анықталды. Мамандар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаса азаматтар департаментке «EgovKzBot» платформасы арқылы немесе «36-01-62» телефон нөмірі бойынша байланыса алатынын хабарлайды.
СНХ: АНАР БАТТАЛБЕК, СҚО БОЙЫНША ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ