Облыс орталығында есірткі қылмысының алдын алуды мақсат еткен жүгіруден марафон өтті. Екінші рет өтіп отырған спорттық іс-шара репродуктивті денсаулықты сақтау апталығы аясында ұйымдастырылды.

Петропавлда өткен марафон саламатты өмір салтын ұстанатын 30-дан астам адамның басын біріктірді. Олардың қатарында қоғамдық ұйымдардың өкілдері, блогерлер, журналистер мен белсенді қала тұрғындары бар. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында жаман әдеттерден аулақ болуды, есірткіге қарсы күресті насихаттау.

СНХ: РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Қатысушылардың айтуынша, спорт – нашақорлық пен өзге де зиянды әдеттерге қарсы тұрудың ең тиімді құралы. Жүгіру – тек дене шынықтыру ғана емес, адамның көңіл-күйін жақсартып, ерік-жігерін нығайтады.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр