Биыл қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Мерейлі датаға орай С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап ктапханада «Біздің Мағжан»» атты көрме ашылды. Көрмеде жерлес ақынның өмірбаянынан сыр шертетін журналдар мен құнды құжаттар, сирек кездесетін ақынның фотосуреттері қойылған.


 М.Жұмабаев - 1893 жылы СҚО М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Ол жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Бүгінгі «Біздің Мағжан» тақырыбындағы көрме өскелең ұрпақты ақынның шығармашылығымен таныстыру мақсатында ашылған.


ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ:

- Мынау көрмеде мен білетін кітаптардың барлығы тұр.Мен білмейтін кітаптар да тұр. Форматы әдемі, сондай кітаптар . кімге,қайда көрсетсе де ұялмайтын сондай тамаша кітаптар тұр. . Мағжан ағамызды білеміз. Ол кісі елім деп, халқым деп күйіп кеткен адам ғой. Оның жалғыз жазығы сол, ол елін сүйді. Қазақты көтергісі келді,қазақты оятқысы келді.


Көрмеге келген адамдардың қарасы қалың. Солардың ішінде, Мағжан Жұмабаевтың руласы,бір ұрпақтан тараған Амангелді Жүсіпов те бар. Ол 1972 жылы іс сапармен Алматы қаласына барып, ақынның жары Зылиқамен кездескен.С ол кезде Зылиқа апайымыз Амангелді Жүсіповке естелік ретінде, М.Жұмабаевтың жеке түскен фотосуретін сыйға тартқан екен.


АМАНГЕЛДІ ЖҮСІПОВ, М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТУЫСЫ:

-  Қазақ руға бөлінеді ғой. Атығайдың ішінде Есентаңырық менің руым.М.Жұмабаев атамыздың барлығының рулары Есентаңырық. Мен сол кісінің тарақан ұрпақтарымыз.  Бұл сурет еш жерде жарияланған жоқ. Мағжанның туған күндерінде мені мектепке шақыратын.Сол кезде алып барып көрсететінмін. Одан басқа еш жерде түскен емес.


Көрмеде жерлес ақынның өмірбаянынан сыр шертетін журналдар мен құнды құжаттар, сирек кездесетін ақынның фото суреттері қойылған. Оны өңір тұрғындары кез-келген уақытта облыстық кітапханадан тамашалай алады.