М. Қозыбаев атындағы СҚУ - да «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты студенттер арасындағы олимпиада өтті. Республикалық сайысқа Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан келген 40-астам жас қатысты. Қатысушылар Абай мұраларын қазіргі білім беру жүйесінде қолдану, оның шығармаларындағы тәрбиелік мән, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық дүниетаным мәселелері бойынша тың идеяларын ұсынды.

Абай Құнанбайұлы мұрасын XXI ғасыр педагогикасында насихаттау – жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды бағыты. Ұлы ойшылдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі адамгершілік, білімге ұмтылу және «толық адам» идеялары бүгінгі білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Абай шығармаларын сабақта тиімді пайдалану оқушылардың сыни ойлауын дамытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырады.

СНХ: ЖАЗИРА КӨКБАС, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ "ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ" КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Сайыс барысында қатысушылар Абай мұраларын қазіргі білім беру жүйесінде қолдану, оның шығармаларындағы тәрбиелік мән, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық дүниетаным мәселелері бойынша тың идеяларын ұсынды.

СНХ: БАТЫРБЕК ТӨРЕХАН, Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Айта кетейік, былтыр Өскемен қаласында өткен «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты сайыста Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің студенттері үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жеткен болатын. Сондықтан, биыл аталмыш олимпиада облысымыздағы жоғары оқу орнында өтті.