Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу жалғасуда. Қызылжар ауданында су деңгейінің төмендеуі тіркелуде. Сонымен қатар, Ақмола облысы жағынан су келуіне байланысты Ғабит Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасы 119%-ға толған, бөгет жотасынан асып төгілу деңгейі 106 см құрайды.