Солтүстік Қазақстан облысында жерүсті және жерасты су көздерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ғалымдар өзендерден, көлдерден және тоғандардан сынамалар алып, кешенді талдау жасайды. Осы бағытта су сапасы анықталып, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін гидрологиялық үдерістерге баға беріледі. Сонымен қатар, ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен экологиялық жоба жүзеге асуда. Оны іске асыру үшін 3 миллиард теңге көлемінде грант бөлінген.

Петропавл қаласының ғалымдары табиғи су ресурстарын жан-жақты зерттеп, олардың адам өміріне, ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке тигізер әсерін саралайды. Сондай-ақ, су құрамында кездесетін ауыр металдар мен органикалық ластаушы заттардың деңгейі анықталады. Бұған қоса, су тасқыны кезеңіндегі эпидемиологиялық ахуал да назарға алынған.

СНХР: ДМИТРИЙ БЕРИЛЛО, ЖОБАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ

Айта кеткен жөн, бұл ғылыми жоба 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Жобының жүзеге асырылуына мемлекет тарапынан 3 миллиард теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілген. Қазіргі таңда зертханалық жұмыстар үшін арнайы заманауи құрал-жабдықтар сатып алынған.

СНХР:ВЕРОНИКА ЗЕМЦОВА, ЗЕРТХАНАШЫ

Жоба нәтижесінде өңірдің экологиялық-гидрологиялық картасы жасалып, электронды платформаға ластанған аумақтар енгізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді.