Биыл Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқабының көлемі 4,3 млн гектарды құрайды. Өңір аграрийлері көктемгі дала жұмыстарына білек сыбана кірісті. Мәселен, «Ақ-жер 2010» серіктестігі егіс науқанын 20 сәуірде бастап кетті. Биылғы жоспар бойынша тұқымның 50 пайызы майлы дақылдар, ал қалған 50 пайызы бидайға тиесілі.
Бұл - шаруашылық үшін оныншы егіс науқаны. Қазіргі уақытта техника мен мамандар бидай мен күнбағыс егуге жұмылдырылған, кейіннен рапс себуге көшеді. Егіс жұмыстарын мамыр айының ортасына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Тыңайтқыш, химиялық өңдеу құралдары мен жанар-жағармай мәселесі алдын ала шешілген. Барлық қажетті шаралар ескерілген. Басты мақсат - сапалы әрі мол өнім алу.
СНХ: АЛЕКСАНДР ХИТРОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ