Сахнадағы әрбір кейіпкердің бейнесі костюм арқылы толық ашылады. Осындай ерекше туындылардың авторы – суретші Светлана Таныгина. 1991 жылдан бері театрда еңбек етіп келе жатқан шебердің шығармашылығына арналған жеке көрме өтпек. 

Суретші әрбір туындысын ерекше жылылықпен әңгімелейді. Оның қолынан жүзден астам спектакльге арналған костюмдер, сондай-ақ ондаған қойылымға арналған афиша мен плакаттар шыққан. Әрбір сахналық киімнің өзіндік тарихы бар. Ол сахнаға жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтіп, әр сатысы суретшінің қатаң бақылауында болады.

СНХР: СВЕТЛАНА ТАНЫГИНА – КОСТЮМ СУРЕТШІСІ

Келесі кезең – тігін цехы. Мұнда эскиздер шынайы костюмге айналып, сахна өміріне жолдама алады. Көп жылдық тәжірибесі бар тігінші Ирина Резник жүздеген сахналық киімді өз қолымен тіккен. Оның шеберлігі әрбір матаның қасиетін дәл танудан көрінеді.

СНХР: ИРИНА РЕЗНИК – ТЕАТР ТІГІНШІСІ

Светлана Таныгинаның жоғары сахналық мәдениеті, дара қолтаңбасы мен көркемдік стилі көрермендер мен түрлі фестивальдердің қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланған.

СНХР: СВЕТЛАНА ТАНЫГИНА – КОСТЮМ СУРЕТШІСІ

Светлана Таныгина – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, 2006 жылы өткен XIV республикалық театр фестивалінің Гран-при жүлдегері, сондай-ақ Астанада өткен халықаралық фестивальде «Үздік театр және кино костюм суретшісі» атанған. Дегенмен, ол үшін ең басты жетістік – театрға деген шексіз адалдық пен өз ісіне деген махаббат.