Оқушылар сарайының робототехника үйірмесіне қатысатын дарынды оқушылар Астанада өткен «Fibonacci Robot Olympiad» халықаралық чемпионатының республикалық кезеңінде жүлделі орынға ие болып, Түркияда өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.

Жыл сайын робототехникаға деген қызығушылық балалар мен ата-аналар арасында артып келеді. Бұл сұранысты оқушылар сарайы толықтай қамтамасыз етуде. Ондағы «Роботикс» үйірмесіне бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары қатысады. Енді жас мамандар өз жетістіктерін халықаралық чемпионаттың Еуразиялық кезеңінде көрсететін болады.

СНХР: ДМИТРИЙ ГОРБАЧ, «ROBOTICS» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Робототехника балалар арасында кең танымал, себебі онда оқыту процесі қызықты ойын арқылы меңгеріледі. Бұл бағыт логикалық ойлауды, инженерлік қабілеттерді, ұсақ моториканы және бағдарламалау негіздерін дамытуға мүмкіндік береді. Яғни, оқушылар роботтарды құрастырып, оларды бағдарламалау арқылы тәжірибе жинақтайды.

СНХР: ЛӘЙЛІМ БАЗАРБАЕВА, ОҚУШЫ

Робототехника арқылы оқушылар қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған экологиялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады. Осылайша, олар өз білімдері мен мүмкіндіктерін көрсете алады.