23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Петропавл қаласында «Жолды жалғастыр» интерактивті акциясы өтті. Іс-шара орталық алаң мен адам көп жүретін көшелерде ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - тұрғындардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға классикалық шығармалардан, танымал ертегілер мен өлеңдерден үзінділер ұсынылды. Тұрғындар берілген жолдарды жалғастырып, өз білімдерін сынға сынады. Белсенді қатысушыларға кітаптар мен естелік сыйлықтар табысталды.
СНХР: АЙСЛУ БЕКІМОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ