Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінің тұрғындары бұралқы иттердің кесірінен балаларын мектепке жіберуге қорқады.
Көпшіліктің айтуынша топтасып жүрген төрт аяқтылар ересектерге де шабуылдайды. Жыл басынан бері облыс бойынша 150-ге жуық адамды ит қапқан. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, құтыру ауруына қарсы екпе салынды. Жұмысшы кенті жеке сектор болғандықтан, бұралқы иттер көп жүреді. Көктем шыққалы бірнеше баланы қауып алған. Жапа жегушілер жауапты органдарға шағымданғандарын айтады. 2023 жылдан бастап иесіз жануарлар санын реттеу ветеринария саласына жүктелді. Талапқа сәйкес, иттерді аулап, екпе салып, агрессиясы жоқтарын қайта босату қарастырылған. Алайда, жануарларды уақытша ұстайтын арнайы орындар тапшы. Сондықтан бұралқы иттердің саны азаймай отыр.
СНХ: ЛАРИСА МАЛКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР