Петропавл қаласында WorldSkills Petropavl 2026 XI аймақтық чемпионаты өтті. Аталған сайыс өңірдегі колледж студенттері арасында ұйымдастырылып, жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды.
Чемпионат барысында қатысушылар 6 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, заманауи талаптарға сай тапсырмаларды орындады. Байқау алаңдарында студенттер кәсіби дағдыларын іс жүзінде дәлелдеп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын да паш етті.
СНХ: АЛТЫНАЙ ЖӘНІБЕКОВА, САРАПШЫ
Чемпионатқа өңірдің 6 колледжінен келген 41 студент қатысты. Олар өз оқу орындары ішінде өткен іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткендер. Айта кету керек, WorldSkills бастамасы жастарды түрлі кәсіптерге баулып, олардың шеберлігін жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қозғалыс еңбек нарығына заманауи талаптарға сай, жоғары білікті мамандарды қалыптастыруды көздейді.
СНХ: АЛЬБИНА СОВЕТ, ҚАТЫСУШЫ
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушылар алдағы республикалық байқауда өңір намысын қорғайды. Олар өздерінің жоғары кәсіби дайындықтарын дәлелдеп, облыс абыройын танытуға мүмкіндік алады. Жалпы, облысымыздың жастары республикалық деңгейде 20-дан астам құзыреттілік бойынша бақ сынайды.