Солтүстік Қазақстан облысынан Дағыстанда алапат тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтілді. Қайырымдылық жүк көлігінде азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсеніш және басқа да қажетті құрал-саймандар тиелген.
Қазақстан халқы алапат су тасқынынан зардап шеккен Дағыстандағы ағайынға жылу жинап, қолдан келгенше көмек қолын созуда. Мұндай қайырымдылық іс-шараларынан солтүстікқазақстандықтар да шет қалмады. Жергілікті жұрт белсенділік танытып, гуманитарлық көмек жүгіне қажетті заттарды жинауға белсене атсалысты. Қайырымдылық акциясына осыдан екі жыл бұрын тасқыннан зардап шеккен «Бірлік» шағын ауданынынң тұрғындары да белсенділік танытып, үн қосты.
ВИКТОРИЯ ШАНАУРИНА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
УЛЬЯНА ВАЩЕНЬКО – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Теріскейліктердің бірлігі қаншанда мығым. Жергілікті жұрт қайырымдылық шаралардан қалыс қалып көрген емес. Сондықтан гуманитарлық көмек жөнелту туралы бастама көтерілгенде қол ұшын созғандар аз болмады», - дейді қайырымдылық керуенін ұйымдастырушы Дамир Қанапияұлы.
ДАМИР ҚАНАПИЯҰЛЫ – ВОЛОНТЕР
Қайырымдылық жүк көлігіне 100 отбасыға арналған азық-түлік тиелді. Гуманитарлық көмек Махачкалаға 4-5 күнде жетеді деп жоспарлануда.