20 сәуірден бастап «Игі істер марафоны» республикалық жобасы бастау алды. Осы жоба аясында Петропавлда Чернобыль апаты құрбандарынының арналған ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, биыл аталған трагедияның орын алғанына 40 жыл толып отыр.

Іс-шараны қалалық қоғамдық даму және ақпарат орталығының Жастар бастамалары бөлімі Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Басты мақсат – қатысушылардың ядролық апат құрбандарының рухына құрметпен қарауын қалыптастыру және естелік орындарды абаттандыру арқылы азаматтық жауапкершілікті арттыру.

СНХР: АЙСЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 Іс-шараға 20-ға жуық қызмет көрсету саласы колледжі студенттері мен еріктілер қатысты. Бұл игі іс экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ техногендік апаттардың салдарын түсінуге бағытталған.

СНХР: КАМИЛА ҚОЖАХМЕТОВА, СТУДЕНТ

Айта кетейік, жоба аясында алдағы уақытта «Таза бейсенбі» акциясын өткізу жоспарланған. Оның барысында Парковая көшесі бойы және Брусиловскийден С.Мұқанов көшелеріне дейінгі аумақ тазартылатын болады.