Цифрлық технологиялар дәуірінде де кітапқа деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ. Көпшілік кітапты қолына ұстап, парақтарын ақтарып, өткеннің атмосферасын сезінуді жоғары бағалайды. 23 сәуір күні Қазақстанда Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күні атап өтіледі. Бұл – білімді сақтап, кітапхананы баршаға жайлы ортаға айналдырып жүрген жандардың мерекесі.
Әсел Шайхисламова бұл кітапхананың табалдырығын алғаш рет мектеп оқушысы кезінде аттаған. Содан бері жексенбі күндерін осында өткізу дәстүрге айналған. Оның айтуынша, оқу залы уақыт өте келе туған үйіндей болып кеткен. Білімі бойынша тарих пәнінің мұғалімі болса да, Әсел соңғы 15 жылын кітапхана ісіне арнаған.
СНХР: ӘСЕЛ ШАЙХИСЛАМОВА – КІТАПХАНАШЫ
Әселдің айтуынша, көптеген оқырмандар нақты сұраныспен келеді. Мұндай ақпаратты интернеттен табу оңай емес. Соған қарамастан, кітапқа деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. Адамдар сирек кездесетін еңбектерді қолмен ұстап, көзбен көріп, түпнұсқамен танысуды бағалайды.
СНХР: ӘСЕЛ ШАЙХИСЛАМОВА – КІТАПХАНАШЫ
Бұл тыныштықтың артында көзге көріне бермейтін үлкен еңбек жатыр. Ол – кітаптардың өз оқырманын табуына жол ашатын кітапханашылар еңбегі. 23 сәуірде Қазақстанда олардың кәсіби мерекесі – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтіледі.