Бүгін Ұлттық кітап күніне орай «Балдаурен» балабақшасында «Әжелердің ертегілері» атты іс-шара өтті. Ғабит Мүсірепов атындағы кітапхана ұйымдастырған кеште ақ жаулықты әжелер бүлдіршіндерге қазақ ертегілерін оқып берді. Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу және ұлттық тәрбиені насихаттау.
Әжелер ертегіні балалардың түскі ұйқыға жатар алдында оқып берді. Бұл әдіс бүлдіршіндердің ертегі әлеміне тереңірек еніп, тыныш ұйықтауына септігін тигізді. Мұндай бастама балабақшадағы күн тәртібіне ерекше реңк беріп, ежелден келе жатқан тәлімдік әдістердің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді
АЛМА МАХАМЕТОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Сонымен қатар, жиын барысында әжелер мен бүлдіршіндер кітап күніне орай жыртылған кітаптарды қалпына келтіріп, балаларға басылымдарды ұқыпты ұстаудың маңызын көрсетті.
КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ұлттық құндылықты жаңғырту мақсатында өткен бұл жиын ұмыт қалған әдет-ғұрыпты қайта жаңғыртуды көздейді. Осындай іс-шаралар арқылы мамандар балалардың кітапқа деген ықыласын оятып, ертегі айту мәдениетін жаңғыртпақ.