Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық: жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы республикалық семинар өтті.

Іс-шараны «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты», Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясымен бірігіп ұйымдастырған.

Снх: БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА, С. ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Республикалық семинарда Астана, Ақмола, Қостанай және СҚО келген білікті бастауыш сынып мұғалімдері бас қосты. Онлайн форматта 300-ге жуық ұстаз, ал оффлайн 70 тен аса ұстаз қатысты..

Снх: ЖАХОНГИР ГАППАРОВ, «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Семинардың мақсаты бастауыш сыныпта ЖИ құралдарын қолдану тәжірибесін өзектендіру, функционалдық сауаттылықты дамытуда оқу тапсырмаларын әзірлеу, сабақты жобалау және білім беру нәтижелерін бағалау бойынша тәжірибе алмасу.