Өңірге гастрольдік сапармен Константин Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры келді. Өнер ұжымы Петропавлдағы Н. Погодин атындағы орыс драма театры сахнасында солтүстікқазақстнадық өнер сүйер қауымға өздерінің таңдаулы қойылымдарын ұсынды. Сапар аясында қос тарап шығармашылық ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойды.

Құжат тараптардың бірлескен жобаларды дамыту, қойылымдармен алмасу және өңіраралық мәдени байланысты нығайтуды көздейді. Гастрольдік афишада театрдың үздік туындылары сонымен қатар, жас көрермендер үшін ертегі қойылымдары да ұсынылмақ. Сондай-ақ, көрермен назарына «Навстречу мечте » әлеуметтік драмасы ұсынылды.

Айта кетейік, бұл шығарма таңдау, үміт және адами құндылықтар тақырыптарын қозғайды.

СНХР: АНДРЕЙ МАРЫЧЕВ, К.С. СТАНИСЛАВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Антон Звонов актерлік өнерге 15 жылдан астам өмірін арнаған. Оның айтуынша, театр - жай ғана жұмыс емес, бұл сезімдер мен мағынаға толы, адамды өзгертетін шынайы оқиғалар туындайтын ерекше әлем. Актердің пікірінше, бұл қойылым - көрерменмен шынайы диалог орнатып, сахна шамдары сөнгеннен кейін де жүректе сақталады.

СНХР: АНТОН ЗВОНОВ, К.С. СТАНИСЛАВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ

Қала тұрғындары үшін үздік қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл мәдени іс-шара өңірдің театр өміріне тың серпін беріп, алдағы бірлескен жобалардың бастауына айналмақ.