34 жыл құжатсыз жүрген: Солтүстік Қазақстанда ер адамға алғаш рет жеке куәлік берілді.
58 жастағы ер адамның жағдайын Қызылжар ауданының учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Амангелдиев анықтады. Жақында көшіп келген азаматпен сөйлесу барысында оның 1992 жылы барлық құжаттары, оның ішінде төлқұжаты ұрланғаны белгілі болды. Содан бері ол құжаттарын қайта қалпына келтіре алмаған.
СНХР: Сергей Порядкин — Қызылжар ауданының тұрғыны
Учаскелік инспектордың бастамасымен ер адам көші-қон қызметіне жүгінді. Құжаттарының болмауы рәсімнің бірнеше кезеңнен тұрып, ұзақ тексеруді және жеке басын растауды талап етті. Соған қарамастан, полицейлер оның азаматтығын анықтай алды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында оған алғаш рет жеке куәлік берілді.
Енді ол медициналық көмекке, әлеуметтік төлемдерге және бұрын қолжетімсіз болған өзге де құқықтарға қол жеткізді.
СНХР: Еділ Қазиев — СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы
Сондай-ақ полицейлер құжаттарды алғаш рет рәсімдейтін азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылатындығын еске салады.