10 қаңтар – ҚР «Ұлттық Ұланның құрылған күні. Осыған орай «Ақан сері» атындағы облыстық филармонияда өткен салтанатты жиында бірқатар азамат марапатталып, кейбірінің шені өсті. Әскерилерді облыс әкімінің атынан құттықтаған оның орынбасары Сәтжан Аблалиев ел тыныштығын қорғаған сарбаздар қашан да Отанға адал қызмет атқаратынын, оның бойына патриоттық тәрбие сіңіруде әскери оқу орнының еңбегі орасан екендігін айтты.


Мереке күні Ұлттық Ұлан әскери институты мен 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері, сарбаздары облыстық филармонияда өткен салтанатты жиында бас қосты. Ұлттық Ұланның құрылғанына 31 және 6637 бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына орай облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев аймақ басшысының құттықтау хатын жолдады.


СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Оқытушылар, курсанттар, құрметті ардагерлер. СҚО әкімінің атынан ҚР Ұлттық Ұланның құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлттық Ұлан –мықты тірек және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі.  Ұлттық ұланның барлық әскери қызметшілеріне адал еңбектеріңіз, жоғарғы қабілеттіктеріңіз және адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.


 ҚР Ұлттық Ұлаының академиясы мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары күнделікті қоғамдық тәртіпті қадағалап, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді.


ЕРКЕБҰЛАН ЕРСАЙЫНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КЛУБ БАСТЫҒЫ:

-  Осы 31 жыл ішінде Ұлттық Ұлан жауынгерлері, командирлері, сарбаздары ерлік, батылдық сияқты үлгілері көрсетіп келе жатыр. Оның ішінде 2010 жылы Ақтау қаласында жаппай сотталғандардың қашу жағдайы болған болатын. Осы жерде қатардағы жауынгер Ербол Отарбаев ерлік танытқан, Ақтөбе жағдайлары да естеіңізде болар ол жерде Бақтияр Қайырбеков, Жандос Мүбәраков секілді Ұлттық Ұлан батырлары естерімізде қалған.


 Бүгінгі таңда СҚда 2мыңнан астам азамат әскери қызметтен өтуде. Бірі Ұлттық Ұлан академиясында білім алып жатса, енді бірі ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Бұл жас жігіттердің қатарында болашағын осы саламен байланыстырғандар да баршылық. Солардың бірі 6637 әскери бөлімінің офицері Дінмұхаммед Абылаев. Әке жолын қуған жігіт 2016-шы жылы Петропавлдағы академияда білім алып, оны тәмамдаған соң бөлімге жұмысқа орналасады.Жас офицер бүгін облыстық полиция департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды.


ДІНМҰХАММЕД АБЫЛАЕВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ РОТА КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Қоғамдық тәртіпті күзету барысында біз көптеген қиндықтармен кездесеміз. Соның бірін атап өтсем жақында Кәрім Сүтүшев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шығып, сол үйдің тұрғындарын аман сен алып шығып, өрт сөндірушілерге көмектескен едік.


 Салтанатты шарада адал қызмет атқарғандар ерекше марапатқа ие болды. Сәтжан Аблалиев бірқатар азаматқа облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстың бетін ашқандар да облыстық Полиция департаментінің алғысына бөленді.



Майгүл Сейілбек