Петропавлда инклюзивті спорттан қалалық турнир өтті
Петропавлда ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында армбэк спортынан қалалық турнир өтті. Жарыс Қазақстандағы Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында ұйымдастырылды. Іс-шара «Әділет» партиясының қолдауымен және «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубының қатысуымен өтті. Басты мақсат — балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік беріп, инклюзивті ортаны дамыту.
Турнирге 5 пен 18 жас аралығындағы балалардан құралған төрт команда қатысты. Жас спортшылар өзара күш сынасып, спорттық қабілеттерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар балалардың дамуына, өзіне деген сенімін арттыруға және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
НАТАЛЬЯ БУШУЕВА, АТА-АНА:
Қалада ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған спорттық және психологиялық орталықтар жұмыс істейді. Олардың қатарында Петропавлдағы «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубы да бар. Мекеме 2023 жылы ашылды. Мұнда даму ерекшеліктері бар балаларға бейімделген спорт түрлерінен жаттығулар өткізіліп тұрады, кейін олар республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатыса алады.
НИКОЛАЙ КАРДОВАТОВ, «ЖАС ЖАУЫНГЕР» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЛУБЫНЫҢ ТРЕНЕРІ:
Турнир соңында қатысушыларға спорттық киімдерберіліп, ұйымдастырушылар мен жаттықтырушыларға алғыс хаттар табысталады. Мұндай іс-шаралар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге ынталандырады.