Петропавлда Young Health Programme бағдарламасы іске қосылды
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жастар арасында инфекциялық емес аурулардың алдын алуға бағытталған Young Health Programme халықаралық бағдарламасының ресми іске қосылу рәсімі өтті. Бастама университет, AstraZeneca компаниясы және Just Support қоры өкілдерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, сондай-ақ Швеция мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілері қатысты. Қатысушылар аурулардың алдын алу бойынша халықаралық тәжірибені және жас ұрпақ арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Петропавл - жастар арасында инфекциялық емес аурулардың алдын алуға бағытталған халықаралық бағдарлама іске қосылды. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстанда алғаш болып Young Health Programme бағдарламасына қосылды. Ресми түрде іске қосу рәсімі университет пен Just Support қоры арасындағы меморандумға қол қоюдан басталды. Бағдарлама AstraZeneca компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.
ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР:
Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов AstraZeneca компаниясының бастаманы жүзеге асыруға қатысуының маңызын атап өтіп, мұндай әріптестік халықаралық ынтымақтастықты нығайтатынын жеткізді. Айта кетейік, AstraZeneca – британ-швед тектес, зерттеу және фармацевтика саласындағы ірі халықаралық компания.
ЕЛЕНА ТРОГОВА, «ASTRAZENECA KAZAKHSTAN» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Бағдарлама аясында студенттерге арналған білім беру модульдері мен түрлі іс-шаралар жоспарланған. Университет жастардың қауіп факторлары, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты туралы хабардарлығын арттыруды көздейді. Сонымен қатар қатысушылардың белсенділігі, білім деңгейі және қолдау қызметтеріне сұраныс сияқты нәтижелерге ерекше назар аударылады. Салтанатты рәсімге Швеция мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілері де қатысты. Швеция елшісі Стефан Эрикссон қазіргі жастардың жаңа сын-қатерлерге тап болып отырғанын айтып, олардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
СТЕФАН ЭРИКССОН, ШВЕЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Университет үшін бағдарламаның іске қосылуы студенттерді қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың жалғасы болды. Мұнда UniMed медициналық клиникасы жұмыс істейді, психологиялық қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ студенттердің психологиялық клубы бесінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Бағдарлама да осы мүмкіндіктерді кеңейтіп, денсаулыққа қамқорлық жасау университет өмірінің күнделікті дағдысына айналатын орта қалыптастыруға ықпал етеді.