Негізгі Жаңалықтар Өңір басшысы жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды

Облыс әкім Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға барды. Өңір жетекшісі бірқатар кәсіпорындарды, құрылыс алаңдарын аралап, медициналық мекемелерге жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Ғауез Торсанұлы іс-сапар соңында аудан халқымен кездесіп, сауалдарын тыңдады. Көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтып, жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді.

 "Ақ Нан Север" серіктестігінде 16 млрд теңгенің фудпаркі салынып жатыр. Шаруашылық астықты дайын өнімге айналдыруды көздеп отыр. Агрокәсіпорын алғашқы кезеңде 84 мың тонна дәнді дақыл сақтайтын қойма және қуаттылығы сағатына 400 тонна болатын екі кептіру кешенін салмақ. 

АНТОН ШТРАК, "Ақ Нан Север" ЖШС директорының міндетін атқарушы, Ғ.Мүсірепов ауданы: 

Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды. Серіктестік жобаның бірінші кезеңін келесі жылдың қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр. 

АНТОН ШТРАК, "Ақ Нан Север" ЖШС директорының міндетін атқарушы, Ғ.Мүсірепов ауданы: 

Солтүстік Қазақстан облысындағы майлы дақыл өңдеу саласына тиесілі ірі кәсіпорындардың бірі - Новоишим ауылындағы "Масло-Дел" зауыты. Нысан 2006 жылы іске қосылған. Мұнда жылына 120 мың тонна рапс пен зығыр тұқымы өңделеді. Кәсіпорын жылына 48 мың тонна тазартылмаған өсімдік майын және 72 мың тонна күнжара өндіруге қауқарлы. 

Соңғы жылдары өндіріс орнын жаңғыртуға да басымдық берілген. 2022–2026 жылдар аралығында кәсіпорынға 2,74 млрд теңге инвестиция құйылыпты. Оның ішінде инфрақұрылымды жаңартуға - 1,9 млрд теңге, теміржол цистерналарын сатып алуға 840 млн теңге бағытталған. 

Кейін аймақ жетекшісі "Қазақстан Бидайы" серіктестігін аралады. Мұнда жарма мен үлпек өндіретін зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны - 3 млрд 200 млн теңге. Кәсіпорын жылына 24 мың тонна жарма мен үлпек өндіруге қауқарлы. Жаңа өндіріс орны іске қосылғанда 24 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. 

Новоишим ауылында пайдаланылмай тұрған нысандарды қайта іске қосу бағытында да бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, "Колос 2020" серіктестігі 20 жылдан бері қаңырап бос тұрған мұнай базасын сатып алып, оны қалыпқа келтірген. Жоба құны - 450 млн теңге. 

СЕРГЕЙ ДУДНИК, "Новоишимская нефтебаза" ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы: 

Сонымен қатар, өңір басшысы "Kazmeal Ltd" және "Kazmeal Oil" компанияларының жұмысымен танысты. Соңғысы Новоишимкада май экстракциялау зауытын салуды жоспарлауда. Жобаға 81 млрд теңге бөлінген. Кәсіпорын жылына 305 мың тонна өсімдік майы мен 270 мың тонна шрот өндіретін болады. Жобаны іске асыру нәтижесінде 145 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірісті 2029 жылдың қаңтарында іске қосу көзделген.

Ал "Kazmeal Ltd" серіктесігі болса, 2023 жылы іске қосылған. Кәсіпорын құрама жем өндіреді. 2026 жылы зауытқа 926 млн теңге инсвестиция құйылды. Нәтижесінде өнімділігі жоғары төрт ұсақтағыш орнатылып, қаптау желілері мен қосымша теміржол тармақтары іске қосылды. Сондай-ақ, жүк тиеу техникасы жаңартылды.

ҚАНАТ МҰРЗАҒҰЛОВ, "Kazmeal Ltd" ЖШС бас директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы: 

Бұдан соң Ғауез Торсанұлы арнайы іс-шараға қатысып, аудандағы медициналық мекемелерге жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыс етті. 

Бұл игі бастама жергілікті агроқұрылым өкілдерінің арқасында жүзеге асты. Туған жерінің дамуына үлес қосқысы келген кәсіпкерлер жалпы құны 70 млн тенгеге 7 арнайы темір тұлпар сатып алды. 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Кейін облыс әкімі аудандық аурухананың жағдайымен танысты. Мекемеге биыл жаңадан эндокринолог және уролог дәрігер келген. Ауруханада жаңа компьютерлік томограф та жұмыс істейді. 

Бұдан бөлек Новоишим ауылында төрт жылдан астам уақыт пайдаланылмай тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансер ғимаратын қайта жаңғырту жоспарлануда. Мұнда 95 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін аурухана ашу жоспарланып отыр. 

НҰРСҰЛТАН САРЖАНОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 

Іс-сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов аудан халқымен кездесіп, бұйымтайларын тыңдады.  

ГҮЛСІМ РАМАЗАНОВА, ауыл тұрғыны, Ғ.Мүсірепов ауданы:

Бұл сауалға аудан әкімі Руслан Аңбаев жауап берді. Айтуынша, қазандықтың қуаты ауылдағы барлық нысанды ортақ жылу жүйесіне қосуға мүмкіндік бермейді. Бірақ өңір басшысы бұл мәселені дереу шешуді тапсырды.  

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Айта кетейік, халықпен кездесу барысында аудан тұрғындары бұдан бөлек бірқатар сауал қойды. Олардың қатарында жол жөндеу, әлеуметтік нысандардың жағдайы және жерге қатысты мәселелер бар. Облыс әкімі көтерілген сұрақтардың назарға алынатынын айтып, жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді.

Бөлісу