Петропавлда балалар мен ересектер арасында түрлі ұлттардың ұлттық ойындары сайысы өтті. Бұл жарысты ойындардың барлығы түгелдей ұлттық сипатта. Қазақстың ұлттық ойындары бізге жақсы таныс, ал өзге ұлттың ойындары жайлы тілшіміз айтсын.
Қазақстан халқы ассамблеясы түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ойындары сайысын дәстүрге айналдырған. Шараға қатысушылар асық атудан басқа, «Веточка», «Горелки», «Лапта» тектес ойындарынан жарысты. Соңғылары бұқара арасында ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындардың бірі.
ВИКТОРИЯ ПЫТЬЕВА, ҚАТЫСУШЫ:
- «Веточка» ойыны Украин халқының ұлттық ойыны. Қатысушылар шеңберге тұрады, міне мына бұтақты бір-біріне артынан беріп отырады. Бір адам шеңбердің ортасында тұрады, ол қатысушыларға қарап, бұл бұтақ кімде екенін тауып алуы керек. Тапқан жағдайда мына ұлттық бас киімді кигізеді. Осылай ойын өз жалғасын табады.
Ұлттық ойындар баланың дамуына ерекше әсер етеді, сол себепті біз жылда осындай іс шара ұйымдастырып тұрамыз,-дейді ұйымдастырушылар.
МАРИЯ ТАТАРЕНКО, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Петропавл қаласының туған күніне орай «Ұлт рухы» атты ұлттық ойындар сайысы өтіп жатыр. Іс-шараға қазақ, орыс, украин, белорус, түрік, армян, татар ұлт өкілдері қатысып жатыр. Осы ұлттардың баршасының ұлттық ойындары қалмай ойнатылады.
Додаға қатысушылар мен жеңімпаздарына грамоталар және сыйлықтар табысталады. Жалпы СҚО-на 26 этномәдени бірлестік бар.