Қызылжар ауданында 10-сынып оқушыларына арналған оқу-далалық жиындар басталды. Аталған іс-шара күштік құрылымдар мен Ұлттық ұлан академиясы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Басты мақсат - мектеп оқушыларының алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімін іс жүзінде тексеру және шыңдау.
Қызылжар ауданының 140-тан астам 10-сынып оқушысы 19-21 мамыр аралығында оқу-далалық жиындарға қатысуда. Оқу-жаттығулары үш күн бойы жүргізіледі. Мектеп оқушылары теориялық білімдерін пысықтап, сонымен қоса, тактикалық және әскери топография дағдыларын іс жүзінде шыңдай алады.
СНХР: РУСЛАН КАПАРОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Әскери-далалық жиынға аудандағы 25-ке жуық мектептің оқушылары қатысып жатыр. Солардың бірі – Бескөл ауылындағы «Парасат» мектеп-лицейінің оқушысы Санжар Қонысбай. Ол мұндай оқуға алғаш рет қатысып, осы арқылы әскери қызметпен жақын танысуға, сондай-ақ, тәжірибелік дағдыларды дамытуға мүмкіндік алғанын айтады.
СНХР: САНЖАР ҚОНЫСБАЙ, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Айта кеткен жөн, жиын соңында қатысушылар үшін арнайы танымдық іс-шара ұйымдастырылады. Оқушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясына барып, әскери оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия жасайды.