Айыртау ауданы өңірдегі басты туристік бағыттардың біріне айналып келеді. Әсем табиғат, дамып жатқан инфрақұрылым және жаңа демалыс түрлері бұл аймаққа келушілердің қызығушылығын арттыруда. Қазір мұнда демалыс орындары жазғы маусымға дайындалып қана қоймай, спортты, оқытуды және белсенді демалысты біріктіретін жаңа туристік жобалар жүзеге асырылуда.
Айыртау ауданында туристік нысандарды жаңарту және 2026 жылғы жазғы маусымға дайындау жұмыстары жалғасуда. Ұлттық парк аумағы, оның ішінде Шалқар көлі маңындағы демалыс орындарында QR-код арқылы кіру жүйесі енгізіліп, қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл демалушылар үшін қолайлы болмақ. Сонымен қатар жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар тұру жағдайын жақсартып, инженерлік желілерді жаңартып, нысандарды талапқа сай етуге күш салуда. Қауіпсіздік, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше назар аударылып отыр.
СНХР: АСХАТ БӘКЕЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айыртау ауданында су туризмі мен белсенді демалыс бағыттары да дамып келеді. Мұнда тек демалу ғана емес, жаңа дүниелерді үйренуге де мүмкіндік бар. Солардың бірі — «Жел өзгерісін басқару» бағдарламасы. Бұл — желкенді спортты үйрететін бес күндік курс.
СНХР: ЖАНАТ ОМАРОВ, «IMANTAU MARINE CLUB» ЯХТА КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, СҚО ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айыртау ауданындағы танымал демалыс орындарының бірі — «Қазығұрт-Имантау» базасы. Бұл демалыс орны соңғы бес жыл бойы туристер арасында сұранысқа ие.
СНХР: СВЕТЛАНА КАПЛИНА, ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Облыс әкімінің тапсырмасымен Айыртау ауданындағы әр демалыс орны бойынша арнайы жол карталары әзірленуде. Бұл анықталған кемшіліктерді туристік маусым басталғанға дейін жоюға мүмкіндік береді. Арнайы жұмыс тобы көрсетілетін қызмет сапасын бақылауда ұстап отыр. Қазір Имантау-Шалқар курорттық аймағында екі модульді су-құтқару бекеті орнатылған, туристік полиция жұмыс істейді. Биыл қосымша полиция бекеттерін орнату жоспарланған.
СНХР: ҚАНАТ ШАМСУТДИНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Курорттық аймақта инвестициялық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Қазір шамамен 15 кәсіпкер жыл бойы жұмыс істейтін заманауи демалыс орындарын салуда. Сонымен қатар туризм саласы Петропавл қаласында да дамып келеді. Қалада жаңа қонақүй кешендері салынып жатыр.
СНХР: ҚАНАТ ШАМСУТДИНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы өңірде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына 165 мыңнан астам турист келген. Көрсетілген қызмет көлемі 3 миллиард теңгеден асты. Негізгі туристік бағыт — Имантау-Шалқар курорттық аймағы. Былтыр бұл жерге шамамен 60 мың адам демалуға келген. Ал маусым қызған күндері демалыс орындары күніне 4 мыңға дейін турист қабылдайды.