Петропавл қаласында колледж студенттеріне арналған құқықтық квест ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында бірінші Президент саябағында «Заң іс жүзінде» атты іс-шара өтті. Аталған жиынның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және қоғамда тәртіпті сақтау мәдениетін дамыту.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды сақтаудың маңыздылығын көрсету. Квест аясында бірнеше станциялар қарастырылған. Олардың қатарында «Заң коды», «Таңдау аумағы», «Заң әрпі» және басқа да кезеңдер бар.
АЛМАГҮЛ ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Додаға бес адамнан құралған 5 команда қатысты. Жастар құқықтық сауаттылықты дамытуға бағытталған интерактивті тапсырмаларды орындай отырып, уақытты қызықты әрі танымды өткізді.
АЛЕКСАНДР КОМИССАРОВ, Б. ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады