СҚО-да полицейлер педагогтер мен ата-аналарға жазғы балалар демалысы кезінде нені есте сақтау маңызды екенін айтты.
Буллинг, интернеттегі қауіптер, жол қауіпсіздігі — осы және өзге де қауіптерді Солтүстік Қазақстан облысында жазғы демалыс басталар алдында полицейлер Qyzyljar Creative Center алаңында педагогтермен және ата-аналармен талқылады.
СНХР: Әлібек Ғабдуллин — СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы
Полицейлер педагогтер мен ата-аналарды жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырды. Кенеттен тұйықталу, бұрынғы қызығушылықтардың жоғалуы, араласатын ортаның өзгеруі буллингтің, есірткіге тәуелділіктің немесе қылмыстық схемаларға тартылудың белгісі болуы мүмкін.
Тағы бір өзекті мәселе — жасөспірімдердің банк карталарын пайдаланатын алаяқтық схемалар. Полицейлер педагогтер мен ата-аналарға қаскөйлердің ықтимал дропперлерді қалай іздейтінін түсіндірді.
Жеке қаралған мәселенің бірі — жол қауіпсіздігі. Жыл басынан бері СҚО-да 27 жол-көлік оқиғасында 32 кәмелетке толмаған зардап шекті.
Балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзге де мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар белсенді түрде ұсыныстар енгізді..
СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов бөлімше басшыларына барлық ұсыныстарды пысықтап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде жоспарланған іс-шараларда қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі — «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын табысты іске асырудың негізгі аспектілерінің бірі.