Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ковыльное елді-мекенінде орналасқан «Ақселеу» серіктестігінің егіншілікпен айналысып келе жатқанына 35 жыл болса, етті бағыттағы «Герефорд» сиырларын өсіруді қолға алғандарына 15 жыл. Осы аралықта «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» мәртебесін иеленген серіктестікте өсірілген ірі – қара төлдері бүгінде тек біздің өңіріміз ғана емес, еліміздің бірқатар облыстарына жақсы таныс. Шаруашылықтағы бір жылдық бұқашықтың құны бүгінде 1 миллион теңгеге жеткен. Оларды сатып алуға өтініш білдіргендер зеңгібаба тұқымының бағасына емес, асыл тұқымды малдың сапасына назар аударады. Мұндағы тағы бір жаңашылдық ол қолда бар ірі-қараны Канадалық әдіс бойынша қыс мезгілінде де жайылымда ұстау. Алдыңғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа тәсіл, Герефордттың қытымыр қысқа да төзімді екіндігін айғақтап отыр.

15 жылға жуық өңіріміздегі мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан шаруашылықта өсірілген Герефорд тұқымды ірі-қараның асыл тұқымды бұқалары еліміздің бірқатар өңірлеріне жақсы таныс. Әсіресе Батыс Қазақстан облысындағы шаруашылықтардан племрепродукторға тапсырыс көптеп түседі екен. Түсірілімі барысында сатылымға шығарылатын бұқашықтардың жәй-күйін қарап, көңілге қонымды дегендерін таңдап жүргендерді де көзіміз шалды. Асыл тұқымды ірі қара басын одан әрі дамытуға серіктестіктің күш-қуаты мен қаржылық жағдайының жетерлігіне күмән жоқ. Оған тек жайылымның аздығы қолбайлау болып отыр.

СНХ: Серік Малаев – серіктестік басшысы 

Бүгінде шаруашылықтағы асыл тұқымды ірі қараның аналық мал басы 750. Сатылымға негізінен олардан алынған төлдің тек еркектері, яғни бір жылдық бірінші категриялы бұқашықтары ғана шығарылады. Ол

ДНК сынамалары арқылы жүзеге асырылады. Ал ДНК сынамаларының артықшылықтары біріншіден генетикалық сәйкестендіруде малдың нақты тұқымын анықтай отырып, асыл тұқымды малды белгілеуге, тұқымдық қасиеттердің берілуін бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден генетикалық анализ арқылы малдардың генетикалық ауруларға төзімділігін және өнімділігін анықтауға болады. Үшіншіден ДНК сынамалары селекциялық жұмыста да маңызды рөл атқарады, себебі олар генетикалық бейімділіктерді анықтауға көмектеседі. Төртіншіден асыл тұқымды мал басының генетикалық сапасын дәлелдеу, «Ақселеу» серіктестігі секілді асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысушыларға нарықта өндіретін өнімдеріне сұранысты арттырып, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда жоғарыда аталған сынамалар асыл тұқымды мал басының үздік сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

СНХ: Оксана Гришина – мал кешенінің жетекшісі /Ф0148. 00:29 Ол үшін біз өз репродуктивтілігімізді анықтау үшін түрлі сынамалар алып, оны солардың нәтижесі арқылы орнатамыз. Яғни олардан алынған биоматериалды ДНК-ға сынақтан өткіземіз. Осы нәтижелер бойынша біз 1 санаттағы бұқаларды аламыз. Биылғы жылы өткізілген ДНК- 100 пайыз расталды, және бізде барлық бұқалар бірінші санатқа ие болды/

ТКС: Мал ұстағасын оған жайылымдық жер керек. Бұл мәселе де шаруашылықта оң шешімін тапқан. Бүгінде серіктестік меншігіндегі мал жайылымының жалпы көлемі 4,5 мың гектарды құраса оның тең жартысы тоққа қосылған сыммен қоршалған. Ол ірі қараның бақташысыз емін-еркін жайылып оттауына мүмкіндік беріп отыр қазіргі күні. Мұндағы тағы бір жаңашылдық ол сиырларды Канадалық әдіс бойынша жыл 12 ай жылқы секілді далада ұстау. Осылайша олар жаңа тәсілдің өзіндік тиімділігін іс жүзінде тексеріп көру үшін алдыңғы жылы біраз малды жазық далада қалдырған қыста. Олардың бәрі солтүстіктің қытымыр қысын дін-аман көтеріп шығыпты. Бір қысты тебінде өткізген ірі-қарада шығын жоқ. Бұл шаруашылық ұстап отырған асыл тұқымды ірі-қара, Герефордтың саршұнақ аязға да төзімділігін айғақтайды.