Петропавлда колледж студенттері үшін «Қауіпсіздік бағыты: есірткіге және АИТВ-ға қарсы» атты профилактикалық квиз өткізілді. Зияткерлік ойын «Заң мен Тәртіп» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып, жастардың саламатты әрі қауіпсіз өмір салты туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.
Іс-шара Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Кездесуге денсаулық сақтау саласының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ, Петропавл қаласының 30-ға жуық студенті қатысты.
СНХ: ӘСИЯ ШӘРІПОВА, ОБЛЫСТЫҚ АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГЫ
Қатысушылардың арасында Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Роман Морозов та бар. Студент «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша білім алуда. Оның айтуынша, мұндай іс - шаралар жастарды өз іс-әрекетінің салдары туралы тереңірек ойлануға итермелейді.
СНХ: РОМАН МОРОЗОВ, СТУДЕНТ
Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.