Солтүстік Қазақстанда полицейлер 19 жастағы астана тұрғынынан 90 грамм мефедрон тәркіледі. Жалпы жыл басынан бері облыста 58 есірткі өткізу дерегі тіркелген.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавлға есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. 7 мамыр күні Парковая көшесінде Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілінді.
Күдіктінің айтуынша, ол бұл қылмыстық әрекетпен наурыз айында айналыса бастаған. Ұстау кезінде жас жігіттен ұнтақ зат салынған 88 орама тәркіленді.
СНХР: Руслан Үмбетов — СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы
Жыл басынан бері СҚО-да есірткіге қатысты 112 құқық бұзушылық тіркелді, оның 58-і — есірткі өткізу фактілері. Есірткінің таралуына қарсы күрес — «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі.