Қазақ поэзиясында өзіндік өрнегін қалдырған көрнекті ақын, Есіл ауданының құрметті азаматы Есләм Зікібаевтың туғанына биыл 90 жыл. Осы атаулы күнге орай, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Есләм Зікібаев 1936 жылы маусымның 5-ші жұлдызында СҚО Есіл ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолы «Қазақстан пионері» газетінде бастау алған. Есіл ауданның құрметті азаматы 2002 жылы өмірден өтті. 2004 жылы Үкімен қаулысымен Өрнек орта мектебіне ақынның есімі берілді. Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламгер қарымы» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда жиналған қауым автордың сирек кездесетін туындыларымен танысты.
Снх: АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, «SANA» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
Рухани кеште ақынның туыстары мен жақындары да бой көрсетіп, өткен күннен естеліктер айтты. Солардың бірі ақынның жиені Мұрат Нұрсейітов. Ол нағашы ағасының отбасындағы орны мен қаламгерлік қарымына тоқталды.
Снх: МҰРАТ НҰРСЕЙІТОВ, АҚЫННЫҢ ЖИЕНІ
Еске алу кешіне зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары мен әдебиет сүйер қауым қатысты. Рухани кеш соңында қонақтарға тақырыптық буклеттер таратылды.