Еліміздің 3–6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының шешуші кезеңі өтті. Білім бәйгесі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайыс дәстүрлі түрде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді. Биыл 13-рет ұйымдастырылған олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, ғылыми және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық тапсырмаларды шешу машығын жетілдіру.
СНХ: ЖАЗИРА АБДУЛЛА, «ЗЕРДЕЛІ» АҚЫЛ-ОЙ ДАМЫТУ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
Олимпиада тапсырмалары үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар тест тапсырмаларын орындаса, екінші бөлімде бос орындарды толықтырды. Ал үшінші бөлімде есеп шығарып, дәлелдеу және есептеу тапсырмаларын орындады. Барлық тапсырмаға 100 минут уақыт берілді.
СНХ: ИМАНАЛИ БЕКБАУ, 5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
СНХ: АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВ, 3-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
2024–2025 оқу жылында олимпиаданың барлық кезеңіне жүздеген мың оқушы қатысты. Мектепішілік кезеңге – 244 мыңнан астам оқушы, аудандық және қалалық кезеңге – 47 мыңнан астам қатысушы тіркелсе, облыстық кезеңге 6 мыңнан астам оқушы жолдама алған. Ал республикалық кезеңде еліміздің әр өңірінен келген 399 үздік оқушы бақтарын сынағанын айта кеткен жөн.