С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға 2026 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жарық көрген жаңа кітаптар келіп түсті. Басылымдардың басым бөлігі жергілікті бюджет қаражаты есебінен алынған, сондай-ақ жаңа кітаптар қатарында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Ұлттық музейі сыйға тартқан туындылар да бар.

Жаңадан келген кітаптардың жалпы саны 500-ге жуықтайды. Мұнда отандық және шетелдік авторлардың көркем әдебиет шығармалары, сондай-ақ тарих, қоғам, медицина, психология, өнер, бизнес, жасанды интеллект секілді түрлі бағыттағы еңбектер қамтылған. Сонымен қатар, оқырман сұранысына ие тіл үйренуге арналған кітаптар мен комикстер де келіп түскен.

СНХР: ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жаңадан келген кітаптармен танысуға келген оқырмандардың қарасы қалың. Әрқайсысы өз қызығушылығына сай туындыларды таңдап, кітаптың маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, бүгінде кітапхананың оқырман саны 49 мыңнан асады. Жаңадан келіп түскен туындылар кітапханадағы оқырмандарға арналған бөлімдерге таратылып, оқырмандардың игілігіне ұсынылатын болады.