Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде айтулы іс- шара өтті. ЖОО студенттері мен оқытушылар құрамы Халық қаһарманы, әйгілі ұшқыш - ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесті. Жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу және ғылымға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған жүздесу “Заң мен тәртіп” идеологиясы аясында өтті.

Айтулы іс-шара университет аллеясында ағаш егу рәсімінен басталды. Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов білім ордасының ауласына өз қолымен жас көшет отырғызды. Бұл игі іс жоғары оқу орны мен ғарышкер арасындағы алтын көпірдің, сондай-ақ болашақ жасыл желектің символына айналмақ.

СНХ: АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ, ҰШҚЫШ - ҒАРЫШКЕР, ҚР «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ»

Осыдан кейін мәртебелі қонақ бас ғимараттағы лық толы зәулім залда студенттер мен оқытушылар құрамымен жүздесті.Жиында ғарышкер өмір жолында көргені мен түйгенін әсерлі жеткізіп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Ол жастарға рухани жігер беріп, алға ұмтылуға үндеп, өмірлік маңызы бар ақыл-кеңестерін айтты.Кейін сөз кезегін СҚО әкімдігі аппаратының жетекшісі Руслан Әлішев алды.

СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жастар да іс-шараға белсене қатысып, аңызға айналған тұлғаны көзбен көргендеріне ерекше қуанышты екендерін жеткізді. Кездесу барысында олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әсерлі әңгімелерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Қатысушылар мұндай кездесулерден өздеріне шабыт алып, жаңа мақсаттарға ұмтылуға жігерлетіндерін атап өтті.

СНХ: САБИНА ҚАБДҰЛКӘРІМОВА, СТУДЕНТ

Кездесу согңында оқу орны тарихында алғаш рет «Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы» атынан марапаттар табысталды. Университеттің дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен үздік студенттер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.